Төрегелді Шармановтың өмірі және еңбегі туралы шығармалар және әңгімелер

Академик туралы
Алмаз Шарман
Қонаев облыс басшысынан Шарманов туралы сұраған кезде, ол әкемді «беделді, өршіл, дарынды және қайратты басшы, бірақ, нағыз ұлтшылдың өзі» деп сипаттаған екен. Сонда Қонаев: «Бізге керегі де сол» – деп әкемді денсаулық сақтау министрі етіп тағайындайды. Бұл қызметті ол 12 жыл атқарып, әрдайым елінің патриоты болуымен қатар әлемдік денсаулық сақтаудың озық тұлғаларының бірі ретінде танылды.
Мұхтар Құл-Мұхаммед
Бүгінде сексеннің сеңгіріне жеттім екен деп, академик Шарманов жер таянып отырған жоқ. Манаш ағам айтқандай: «замананы сапырып, жанартаудай атылып», жалындап, жанып жүр. Бүгін Лондон мен Вашингтонда жүрсе, ертең Токио мен Делиде жүреді маңдайы жарқырап.
Made on
Tilda