Марапат пен құттықтаулар
«ҚазАқпарат», 2010 жыл
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдарының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шармановтың 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, хат жолдады.
«ҚазАқпарат», 2011 жыл
Бүгін Алматы қаласындағы «Цезарь» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалінің аясында кезекті «Төрегелді Шарманов - Әлем азаматы» деректі фильмі көрсетілді.
«Tengrinews.kz» порталы, 2020 жыл
Еуразиялық патенттік ұйым қазақстандық өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Baq.kz , 2020 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.
Made on
Tilda