Коронавирус індетіне қатысты пайымдар, ақыл-кеңестер
«Астана ақшамы» газеті, 2020 жыл
Бейжіңнің полицейлері дауыс зорайтқышпен көшедегі жұртты қол алыспай, бір-бірімен иіліп амандасуға шақыруда. Франция билігі адамдардың бір-біріне маңда­йын тигізуге тыйым салды. Этикет маманы Филип Лихтфус француздарға бір-біріне көзбен сәлемдесуді ұсынды. Испаниялықтар Пасха кезінде бұрынғыдай Әулие Марияның мүсінін сүйе алмайтын болды. Румындар 1 нау­рыздағы көктем мерекесінде ақ және қызыл жіптерден тоқылған гүл сыйлап, бір-бірінің бетінен сүймейді. Польша үкіметі шіркеуге барғанда ортақ наннан ауыз тиюге тыйым енгізіп, қасиетті суға қол жумауға шақырды. Жаңа Зеландиялықтар бір-бірімен мұрын түйістіретін дәстүрлі хонга ойынынан бас тартуда. Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі әйгілі химаррао сусынын жұртпен бөліспеуге үндеді. Міне, қызық!
«ҚазАқпарат», 2020 жыл
Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов «Antikor Live» жобасына келіп, өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша қазіргі індет өршіген жағдайда әр адам үйдегі жас үлкен кісілердің жайын ойлауы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Informburo.kz» порталы, 2020 жыл
Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов Antikor Live эфирінде пандемия кезіндегі тамақтану мен гигиенаның ролі туралы баяндады.
«Stan.kz» порталы, 2020 жыл
Айран, қымыз және жылқы еті коронавируспен күресте адам иммунитетіне жақсы әсер етеді. Бұл туралы , Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Abai.kz» порталы, 2020 жыл
Егеменді ел болып, есімізді жинағалы бері біз әлі күнге қоғамымызда бар бір үлкен дертпен күресіп келеміз. Ол жегі құрттың тура өзі – жемқорлық!

Адам өлтіру ауыр қылмыс болса, мен үшін ең сорақысы осы жемқорлық. Осының кесірінен көптеген елдер батпаққа батқан көліктей, не алға жылжуға, не кері айналып өтуге еш мұршасы жоқ.
«Аzattyq ruhy» порталы, 2020 жыл
Ұлттық арна Медицина қызметкерлері күніне арналған «Абзал жандар» телемарафонында Қазақстан арнасының тілшілері бас қаламыздан және барлық аймақтардан тікелей байланысқа шығып дәрігерлерге алғыс айтып, көрермендердің ықыласын эфирден жеткізді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.
«Nur.kz» порталы, 2020 жыл
Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі "иіліп сәлем беруді" қайта жандандыру ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚазАқпарат», 2020 жыл
Холестерин бар екен деп, қой етінен бас тарту – қателік. Медицина ғылымдарының докторы, академик Төрегелді Шарманов коронавирус инфекциясының алдын алу жөнінде кеңес берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ortalyq Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Tengrinews.kz» порталы, 2020 жыл
Карантин өз нәтижесін беріп, елімізде коронавирус қарқыны бәсеңдеді. Алайда, біз бұл індетті толығымен ауыздықтаған жоқпыз. Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім қатты төмендей қоймады. Бұл індетпен күрес оңай болайын деп тұрған жоқ, бірақ, бастысы біз дұрыс бағыттамыз. Жақсылыққа сене білу керек, халқымыз "Жақсы сөз - жарым ырыс" дейді. Жақсы ой болмаса, сенім болмаса қиындықты еңсеруіміз екіталай.
«Тurkystan.kz» порталы, 2020 жыл
Пандемия көп саланың кемшілігін әшкере еткені рас. «Медицина саласы да бұл індетке дайын болмай шықты» деген пікір айтылуда.
«Tengrinews.kz» порталы, 2020 жыл
Қазақ халқында ықылым заманнан келе жатқан үрдіс бар - ол жақсы жаңалық болғанда "сүйінші сұрау". Расымен, үстіміздегі жылы әлемді жайлаған зұлымды індеттің бетін қайтарып, халық болып бірігіп үлкен тойтарыс бердік.
Made on
Tilda