Отандық өнім
«Егемен Қазақстан» газеті, 2015 жыл
Азық—түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл—ауқаты артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажетті сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің күнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы кім—кімді де ойландыруы тиіс. Өйткені, ол – сіз бен біздің денсаулығымыз.
«El.kz» порталы, 2015 жыл
Ұлт болашағы ой-өрісі терең, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақтың қолында. Келер ұрпағымыз ауру-сырқаудан көз ашпаса, онда болашақ туралы айтудың да жөні жоқ. Өйткені ой саулығы – жанның саулығына, жан саулығы – тәннің саулығына тікелей қатысты. Ал, тәннің саулығы біздің күнделікті ішіп-жейтін асымызға, өмір салтымызға байланысты екені баршаға мәлім.
«Qasym.kz» порталы, 2017 жыл
Ұлттық тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Ақтөбе облысында болып, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколадты сыйға берді. Бұл шокаладтың бір ерекшелігі, ол қант диабеті, қатерлі ісік тәрізді сырқаттардың алдын алуға көмек беруінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Zakon.kz» порталы, 2018 жыл
Мамандардың айтуынша, бұл - қауіпсіз тағам өндіру бағытындағы теңдесі жоқ инновациялық жаңалық. Өйткені, осындай отандық брендті жасап шығару үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов көптеген ғалым-технологпен бірлесіп, арнайы зерттеулер жүргізген деп жазады kaztrk.kz.
«Qamshy.kz» порталы, 2019 жыл
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өткізген халықаралық форумда «Тағам өнімі және өмір сапасы» атты баяндамасында Канаданың азық-түлік инспекциясының директоры Луиза Карьер «бізде өсірілетін асыл тұқымды жылқының етін, қымызын Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға тасымалдау ойымызда бар» дегенді айтып қалды. Сондай-ақ, Канада қазірде қымыз бен шұбаттан өнім алуды үйреніп, тіпті қымыздан ағзаға қажетті құрғақ таблеткадағы дәрумендер шығаруға да ден қоя бастаған.
«Kazakh-tv.kz» порталы, 2019 жыл
Отандық кәсіпкерлер бие сүтінен шоколад шығара бастады. Экологиялық таза, табиғи заттардан дайындалған өнімнің әлемде баламасы жоқ. Дәруменге толы шоколад көптеген ауруға ем. Бұл өнім саумалды дер кезінде құрғатып, оған какао мен керекті қоспалар қосып алынады. Жаңа сауылған бие сүтінің өзі дәмді болғандықтан, мұнда қант қосылмайды. Таза, табиғи өнімнен дайындалатын шоколад ұлттық бренд ретінде экспортқа шығарылмақ.
Made on
Tilda