Ұлттық болмыс және қоғам
«Жәрдем» газеті, 2010 жыл
Академик Төрегелді Шармановты ел емес, әлем де біледі. Әлем медицинасының мақтаныштары тізімінде жалғыз қазақ - Төкеңнің аты бар. Әлемдік денсаулық ұйымының Л. Бернанд атындағы алтын медалының иегері. Академик Шарманов туралы жазғанда тағы бір жылы сезімдей екі жай түрткі болды. Біріншісі, аяулы Қаныш Сәтбаевтың «Орыстардың Кремлі сияқты, Ұлытау да қазақ үшін ардақты және қадірлі»,- деген сөздері есімізде. Сол біздің кейіпкеріміз - Төрегелді Шарманұлы осы қасиетті Ұлытау топырағында туған. Ал осы тау- далада Жошыхан, Алаша хан, Едіге, Тоқтамыс, Жаңбыршы ерлер өткен.
«Жәрдем» газеті, 2011 жыл
Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы, мәдениеті мүлде бөлек болатын. Қазіргідей, шаң мен газ басқан қалада тұрған жоқ, даланы, табиғат аясын мекен етті. Олар суыққа да, ыстыққа да шыдамды болады. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергияның негізін олар етті, майлы тамақтан алып отырды. Бірақ үнемі қозғалыста жүретін олардың ағзасында бұл ауыр тамақтар тез қорытылып кететін. Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз. Яғни өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген.
«Түркістан» газеті, 2013 жыл
Бұдан бөлек толып жатқан атақ-дәрежесiне қарамастан, бүгiнге дейiн 150-ге жуық кандидат пен 50-ден астам доктор дайындап шығарған. Қазақ медицинасының қалыптасу мен даму жолында айтарлықтай еңбегi сiңген ғалымның әр кезде де сөзi ұтымды, пiкiрi өтiмдi. Біз салауатты өмiр сүрудiң қағидасын сөзбен емес, өз iсiмен дәлелдеп жүрген Қазақ Тағамтану академиясының президентi Төрегелдi ағаның өнегелі әңгімесін тыңдаған едік.
«Егемен Қазақстан» газеті, 2015 жыл
Құндылықтар құлдырауы ғылымдағы арзан атаққұмарлық ауруына апарып соқтыруда. «Заманына қарай адамы», «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген нақыл сөздер ертеректе ащы мысқылмен айтылғанымен, бүгінгі нарық заманы адамының ой-өресіне дөп келетіндей.
«Қазақ үні» газеті, 2015
Қоғамның дамуы үшін ұлт денсаулығы мықты болуға тиісті. Бұл қандай жүйеде болса да басты қағида, ең қажет талаптардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда біздің елімізде адам денсаулығын сақтау саласының жұмысы сол талаптарға сай ма? Басты байлығымыз – ұлт саулығы мен тұрғындарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуда қандай істер атқарылуы керек? Бүгінгі әңгімеміз осы бағытта өрбиді.
«Алматы ақшамы» газеті, 2018 жыл
Денсаулық сақтау саласында ғана емес, еліміздің қоғамдық өмірінде, ұлтымыздың құндылықтарын бағалау мәселесінде академик Төрегелді Шармановтың есімі мақтанышпен аталады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту ісіне айрықша еңбек сіңіріп, алғашқы медициналық көмекті жақсарту бойынша дүние жүзі дәрігерлерін Алматы қаласына жинап, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясы деген құжат қабылдауына себепкер болған Төрегелді Шарманов бүгінде ұлтының саулығын құнарлы тағаммен жақсарту жолында жан аянбай еңбек етіп келеді.
«Алматы ақшамы» газеті, 2018 жыл
Денсаулық сақтау саласында ғана емес, еліміздің қоғамдық өмірінде, ұлтымыздың құндылықтарын бағалау мәселесінде академик Төрегелді Шармановтың есімі мақтанышпен аталады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту ісіне айрықша еңбек сіңіріп, алғашқы медициналық көмекті жақсарту бойынша дүние жүзі дәрігерлерін Алматы қаласына жинап, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясы деген құжат қабылдауына себепкер болған Төрегелді Шарманов бүгінде ұлтының саулығын құнарлы тағаммен жақсарту жолында жан аянбай еңбек етіп келеді.
«Tengrinews.kz» порталы, 2020 жыл
Күні кеше ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Қасым-Жомарт Кемелұлы сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұрғанын айтып, үлкен алаңдаушылығын білдірді. Мәселе шынымен де күрделеніп барады.
Made on
Tilda