Тағамтану мәселелері
«Түркістан» газеті, 2009 жыл
Белгілі академик-ғалым Төрегелдi Шарманов отызында доктор, қырыққа жетпей профессор әрi медицина институтының ректоры болып үлгерiптi. Бұдан бөлек толып жатқан атақ-дәрежесiне қарамастан, бүгiнге дейiн 150-ге жуық кандидат пен 50-ден астам доктор дайындап шығарған. Қазақ медицинасының қалыптасу мен даму жолында айтарлықтай еңбегi сiңген ғалымның әр кезде де сөзi ұтымды, пiкiрi өтiмдi. Салауатты өмiр сүрудiң қағидасын сөзбен емес, өз iсiмен дәлелдеп жүрген, Қазақ Тағамтану академиясының президентi Төрегелдi ағамен болған аз-кем әңгiмемiз бүгiнгi күн тақырыбына арналып едi.
«ҚазАқпарат», 2010 жыл
Таяу күндері Алматыда еліміздегі балалар тағамын шығаратын алғашқы зауыт іске қосылады. Бұл туралы бүгін елордада басталған Түркі әлемі педиатрларының 10-шы халықаралық конгресі аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов мәлім етті.
«ҚазАқпарат», 2013 жыл
Қазақстандағы балалардың 22 пайызы, ал ересектердің 55 пайызы (соның ішінде әйелдер 58%, ерлер 53%) артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясы, Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы мен Профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мен РМҒА академигі Төрегелді Шарманов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында жариялады.
«Азаттық радиосы» порталы, 2017 жыл
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды өндірістегі жұмысшыларға берілетін сүт өнімдері профилактикалық рөл атқармайды деп санайды. Кей мамандар өндіріс орындарында сүт беруді тоқтатумен келіспейді.
«Nege.kz» порталы, 2020 жыл
Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов Nege.kz порталына сұхбат берді. Биыл 90 жылдық мерейтойы өтетін Төрегелді Шарманұлы әлі де жасы туралы айтқысы келмейді. Коронавирустан қалай сақтануға болады? Қалай дұрыс тамақтанамыз? Айтары бар академиктің ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.
«Argymaq.kz» порталы, 2020 жыл
Ел ішін жайлаған індеттің екпіні басылар емес. Тұтас әлем тұмшаланып, алты құрлық абдырап тұр. Жасыратыны жоқ, әу баста дәл осы кеселдің астарынан саяси салдар іздеп, індеттің бар екеніне сенбегенбіз. Қазір ше?
«Егемен Қазақстан» газеті, 2020 жыл
Соңғы жылдары елімізде студенттердің тамағы мен мектептердегі ас мәзіріне қатысты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп жүрген ұйым­дар бар. Бұл бастамалар толыққанды статистика демесек те, толайым пайымдар жасауға негіз бола алады. Мәселен, Ал­ма­­тының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ара­сын­да жүргізілген сауалдама нәтижелері дұрыс тамақтануға жүр­дім-бардым қарамау керектігін кезекті рет дәйектеп отыр.
Made on
Tilda