Ұлттық тағамдардың пайдасы
«Түркістан» газеті, 2013 жыл
Десек те елімізде, түйе шаруашылығы әлі де болса кенжелеп отыр. Жануардың сүтін сауып, көл-көсір пайдаға кенелудің жолын таппай-ақ қойдық әйтеуір. Ғалымдардың пайымдауынша шұбатты жоғары технологиямен өңдеу ісін жолға қоя алатын болсақ, онда біздің экономикалық өрлеуімізге оң ықпал болатын көрінеді. Себебі, түйе сүті мұнай өнімдеріне қарағанда 38-40 есе қымбат екен.
«Айқын» газеті, 2015 жыл


Кеше көрнекті академик-ғалым Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақ тағамтану академиясының қызметкерлері бір топ ғалымдар мен БАҚ өкілдеріне еліміз тарихында тұңғыш рет бие сүтінен жасалған қазақстандық өнімдерді таныстырды.
«Егемен Қазақстан» газеті, 2016 жыл
Бүгінде еліміздің білімі мен ғылымы саласында инновациялық тың жаңалықтарға жол ашылып және олардың нақты өмірде қолданыс табуы қуантады. Мәселен, баршаға белгілі Қазақ тағамтану академиясы 2016 жылы Алматы қаласында бие сүті негізінде өнімдер шығаратын «Ұлытау» саламатты тағамтану орталығын ашып, денсаулыққа аса пайдалы, әлемде тұңғыш рет бие сүті негізінде әзірленетін инновациялық өнімдерді жаппай тұтынуға ұсынды.
«7kun.kz» порталы, 2016 жыл
Қазақ тағамтану академиясының өнімі «Амиранның» отандық тауарлар қатарын толтырғанына көп уақыт болған жоқ. Академиядағылар барлық өнімдердің қоспасыз, тек қана зауыт фермасындағы сиырлардан сауылған сүттен жасалады. Тағамтану саласындағы үздік технологиямен дайындалатын «тірі» өнім дүкен сөрелерінде де ұзақ тұрмайды. «Амиранның» тарихы қандай? Бұл зауыттың ашылуына не және кім ықпал етті? «Брендтер тарихы» айдары кезекті отандық өнім жайлы айтып береді.
«Алматы ақшамы» газеті, 2016 жыл
Бие сүті ана сүтіне ең жақын тағам дегенді талай жылдан бері насихаттап келе жатқан тағамтанушы, академик Төрегелді ШАРМАНОВ енді қазақстандықтарға бие сүтінен жасалған балмұздақ пен йогурт және сүзбе өнімдерін ұсынбақ


«Weproject.media.kz» порталы, 2017 жыл
Төрегелді Шарманов, 87 жас, туған жері – Ұлытау, «Қазақ тағамтану академиясы ҚҰ» ЖШС президенті

Бие сүтінен біз йогурт, балмұздақ, шоколад және балалар тағамын өндіреміз. Біздің өнімдеріміз сиыр сүтінен жасалған тағамдардан ерекшеленеді. Біріншіден, өнімдердің құрамында қант мүлдем жоқ, бұл балалар мен үлкендердің ағзасында қант диабетінің пайда болуынан сақтайды. Екіншіден, бие сүті – өте нәзік, сондықтан оны қайнатуға және пастеризациялауға болмайды. Яғни, адам ағзасына пайдалы барлық қасиеттері сақталады. Мысалы, бие сүті С дәрумені, лизоцим, қаныққан май қышқылдарына өте бай.

«Tengrinews.kz» порталы, 2019 жыл
Салауатты өнімдер туралы қалыптасқан түсінігіміз қаншалықты орынды? Мысалы, қант қосылған сүт өнімдерін - түрлі йогурттерді қалыптасқан дағдымызға сай балаларға ұсынған кезде олардың денсаулығына қаншалықты пайда немесе зиян әкелетіндігі туралы ойлана бермейміз. Сондықтан, осы "тәтті" қанттың "ащы" зардабын татамыз. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов өз пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Made on
Tilda