Өмірбаяны
Төрегелді Шарманұлы Шарманов
19 Қазан 1930
19 Қазан 1930
Шарманов Төрегелді Қарағанды облысы, Ұлытау ауылында дүниеге келдi
1955 жылы
1955 жылы
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты
1958 жылы
1958 жылы
Аспирантураны өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты
1958 - 1962 жылдары
1958 - 1962 жылдары
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері
1962 - 1968 жылдары
1962 - 1968 жылдары
Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі
1968 - 1971 жылдары
1968 - 1971 жылдары
Ақтөбе медицина институтының ректоры
Сонымен қатар, ол фармакология кафедрасын басқарды
1971 - 1982 жылдары
1971 - 1982 жылдары
Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі
1973 - қазіргі уақытка дейін
1973 - қазіргі уақытка дейін
Қазақ тағамтану академиясының президенті
Академия гигиена, биохимия, иммунология және тамақтану физиологиясы мәселелерін қамтитын іргелі, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
1979 жылы тамақтану институты ДДҰ-ның тамақтану бойынша әлемдегі алғашқы ынтымақтастық орталығы, ал 1997 жылдан бастап БҰҰ университетінің ынтымақтастық орталығы болды
1985 - 1988 жылдары
1985 - 1988 жылдары
Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі
Сонымен қатар, ол Бүкілодақтық "Тамақтану мәселелері" журналының бас редакторы болды
1994 жылы
1994 жылы
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінiң Нутрициология кафедрасының негізін қалады
1995 жылы
1995 жылы
Профилактикалық медицина академиясының негізін қалады
2010 жылы
2010 жылы
Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауытын ашты
Орта Азия өңіріндегі балалар тағамын шығаратын бірегей зауыт
2011 жылы
2011 жылы
Ұлттық тамақтану орталығының негізін қалады
Орталық ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, ҚР Білім және ғылым министрлігімен және ҚазҰМУ-мен бірлесіп семіздік пен остеопорозбен күрес бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындайды, сондай-ақ мектептік тамақтануды оңтайландырумен және халық арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырумен айналысады.
Денсаулық сақтау тәжірибесіне алдын алу мақсатындағы жаңа балалар тағамдарын енгізген балалар тағамы орталығы қосымша ұйымдастырылды
Қазіргі уақытта
Қазіргі уақытта
Қазақ тағамтану академиясын басқарып, денсаулық сақтау ісіне үлесі қосып жатыр
Т.Ш. Шарманов - 360-қа жуық жарияланымның, оның ішінде 49 монография мен 46 өнертабыстың авторы. Оның жетекшілігімен 44 докторлық және 170 кандидаттық диссертация қорғалды. ҚР Парламентіне үш рет сайланды
Made on
Tilda